Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда мотоцикл мен электровелосипед соқтығысып, екі адам қаза тапты

03.07.2023ж. 20:00
1015
Алматыда мотоцикл мен электровелосипед соқтығысып, екі адам қаза тапты

Алматыда Медеу мұз айдынына баратын жолда мотоцикл мен электровелосипед соқтығысып, екеуінің де жүргізуші көз жұмды. Оқиға Керей мен Жәнібек хан көшесіндегі бұрылыста болған. Yamaha маркалы мотоцикл мен электровелосипед қатты соққының салдарынан екі жаққа ұшып, жерге құлаған. Электровелосипед жоғары жылдамдықтағы соққы әсерінен бірнеше бөлікке бөлініп, шашылып кеткен. Апаттың мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат 1-де Алматының Медеу ауданында орын алғанын хабарлайды. Мотоцикл мен велосипедтің соқтығысуы салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Аталған дерек бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды.