Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

03.07.2023ж. 20:00
594
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

Алматы қаласының Бас жоспары 2011 жылдан бері жаңартылмаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Агенттік қала әкімдігімен бірлесіп сәулет және құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Бұл жұмыстар мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл сәуір айында басталған болатын. Нәтижесінде Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды. Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қала құрылысы құжаттамасының жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарының сәйкес келмеуімен байланысты. Сондай – ақ құрылыс объектілерінің келісілген жобалау алдындағы құжаттамадан ауытқу фактілерң болған.

Мұрат СЕЙІТЖАППАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОФИЦЕРІ

Біріншіден, қала құрылысын жоспарлау кешенді түрде жүргізілмеген. Оның басты себептерінің бірі – Алматы қаласының Бас жоспары 2002 жылы бекітілген және де ол 2011 жылы өзінің өзектілігін жоғалтқан. Ағымдағы жылы Үкіметпен Алматы қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. 229 гектар жер аумағы тұрғын үй аумағына, қайта рекреациялық аймаққа ауыстырылды.

Заңсыз салынған объектілер бойынша шұғыл әкімшілік шаралар қабылданды. Бастапқы құжаттарды бұзу және жою туралы сот ісі қозғалып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Заңбұзушылықтар бойынша бүгінде агенттік 8 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Әлішер ӘБДІҚАДЫРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда сот 8 объектіні сүру туралы шешім қабылдап үлгерді. Басқа да объектілерге қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Құрылысқа деген талаптарды қатаңдату бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледік. Парламент жедел әрекет ету шараларын енгізуді қарастыруда.