Бангкок әуежайында жолаушылар конвейірінен құлаған әйел адамның аяғына ампутация жасауға тура келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 29 маусым Бангкок әуежайында болған. Мәлімет бойынша, 57 жастағы турист Бангкоктағы Дон Муанг әуежайында таңғы рейспен Накхонситхаммарат аймағына ұшу керек болған.
Оқиға болған сәтте әйел адам 4 пен 5-терминал арасында траволатормен кетіп бара жатқан. Әйел адам құлап түскеннен кейін оның аяғын механизмге тартып кетті де, жарақат алды. Әуежай өкілдерінің сөзінше, жарақаттың ауырлығы сонша дәрігерлер бригадасы ақыры оның сол аяғын тізеден жоғары ампутациялауға мәжбүр болған.
Интернетте жарияланған кадрларда әйелдің сол аяғы траволатор біткен тұста белбеудің астына кетіп қалғанын көруге болады.
Әуежай басшылығының сөзінше, механизм ақаусыз істейді. Олардың пайымынша, әйел адам құлаған кезде механизмнің беті ондай күшке шыдамай түсіп кетуі ықтимал.
Дегенмен олар оқиғаның себебін анықтау үшін егжей-тегжейлі тергеу жүргізетінін мәлімдеді.
"Дон Муанг халықаралық әуежайы атынан болған оқиғаға қатысты өкінішімді білдіремін. Мұндай апат қайталанбау үшін барлық шараны қолға алдық", - дейді ол баспасөз мәслихаты кезінде әуежай директоры Карун Танакулджирапат.
Сонымен бірге, ол зардап шеккен әйелдің медициналық шығындары әуежай есебінен толық өтелетіні және басқа шығындары да талқыланатынын айтты.