Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары тыңайтқыш шығаратын зауыттан зардап шегіп отырмыз дейді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары тыңайтқыш шығаратын зауыттан зардап шегіп отырмыз дейді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары тыңайтқыш шығаратын зауыттан зардап шегіп отырмыз дейді. Айтуларынша, өндіріс орнынан көтерілген шаң денсаулықтарына зиян тигізуде. Жаман иіске тұншығамыз дейді олар. Ал жауапты басқармадағылар бұны жоққа шығаруда. 

Өндіріс орны 5 жыл бұрын ашылған. Мұнда егін шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар дайындалады. Бірақ тұрғындар оның пайдасынан зияны көбірек дейді. Тоқтаусыз жұмыс істейтін зауыттан шаң көтерілген кезде, демалу мүмкін емес көрінеді. Соның салдарынан тыныс алу жолдары және тері аурулары көбейгенін айтады.

Төремұрат ЖҮСІПОВ, ТҰРҒЫН:

Азанда ашиды мына жер. Иіс қой енді. Демала алмайсың. Сосын адамның өкпесіне де, жүрегіне деп зияны бар мұның. Енді у ғой, у.

Сұлтанғали ЖАРАСПАЕВ, ТҰРҒЫН:

Зауыт істеп жатқанда, шаң көтеріліп тұрады. Шаң көтерілгенде қолқаңды басады. Қазір бронхит болдым.

Жиналғандардың айтуынша, зауыттан тыңайтқыш алуға келетін жүк көліктері де өте көп. Олар да көшенің шаңын аспанға көтеріп, терезе аша алмаймыз дейді.

Мариямкүл АХМЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Балдарға жара шығып көшіп кетіп жатыр мына жерден. Мінекей, қышымамыз міне. Үстіміздің бәрі аллергия. Осының бәрі осы удан.

Өндіріс орнына барғанымызбен, түсірілім тобына қақпадан әрі асу мүмкін болмады. Ал жауапты басқармадағылар бұл мәселеге қатысты тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ дейді. Олар зауыттың қоршаған ортаға зияны жоқ екенін айтады.

Ринат СҰЛТАНГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

4 класс қауіпсіз мекеме болып есептеледі. Шығаратыны сульфатты ұнтақ күйінде алып келген затты гранулаға айналдырады. Ол жерде күрделі химия процесі жүрмейді. Тек ұнтақты гранулаға айналдырады.

Басқарма басшысының орынбасары алдағы уақытта өндіріс орнына тексеру жүргізетіндерін айтты. Ал тұрғындар зауытты басқа жаққа көшірсін деп талап етуде.