Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданында қырықбуын қаптады

04.07.2023ж. 20:00
733
Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданында қырықбуын қаптады

Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданында қырықбуын қаптап кетті. Ауыл тұрғындары жәндіктерді смартфонға түсіріп, әлеуметтік желіде жарыса жариялап жатыр. Осы уақытқа дейін зиянкестер үш ауылды бүтіндей орап алған. Қырықбуын өсімдіктің кез-келген түрін жеп, жасыл желекті жаппай қырып жатыр. Тұрғындар жәндіктерді сан мәрте улағанмен, нәтиже шықпай тұрған көрінеді. Ал құзырлы органдар әзірге үнсіз отыр.