$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада "Gul Astana" қалалық гүлдер фестивалі өтуде

05.07.2023ж. 20:00
1420
Астанада "Gul Astana" қалалық гүлдер фестивалі өтуде

Астанада алғаш рет ЭКСПО алаңында "Gul Astana" қалалық гүлдер фестивалі өтті. Іс-шара қала тұрғындарын эко қозғалысқа тарту, шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығын көрсету жəне елорданың эко-белсенділерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды. Алаңда безендірілген климаттық киіз үйлер тігіліп, гүл аймағын безендіру бойынша флористер байқауы болды.

Фестивальға тек қала тұрғындары ғана емес, өзге өңірлерден флористтер мен музыканттар, суретшілер және экологтар қатысты. Фестиваль аясында «Гүл шахары – Астана» байқауы өтті. Сайыста 15 флорист ақтық сынға өтті.

Майра ИЗМАИЛОВА,"GUL ASTANA" ФЕСТИВАЛІНІҢ ПРОДЮСЕРІ:

Фестивальдің басты ерекшелігі еліміздің флористер конкурсының өтуінде. 20-ға жуық флорист Алматыдан, Қарағандыдан, Павлодардан келіп отыр. Сайыстың қорытындысы ертең жарияланады. Бұдан бөлек жасылдандыру жобасы бойыннша көптеген мастер класстар өткізіледі. Отбасыңызбен келіп гүл егіп, қаламызды жасылдандыруға үлес қоссаңыз болады.

Фестиваль қатысушылары қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдарды ұсынды. Бірі пластиктен қолөнер туындылар жасаса, ал енді бірі жарамсыз затты қалай жандандыруға болатынын көрсетті.

Әлия ЕРҒАЛИ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Бұл фестиваль бірінші рет өткізіліп жатыр. Біздің басты мақсатымыз осы фестивальге елдің барлығы бейімделіп, Жыл сайын осындай әдемі гүл, жасылдандыру, экология мәселесін қозғайтын фестиваль өткізу.

ЭКСПО алаңында безендірілген климаттық киіз үйлер орнатылды. Арт-инсталляцияның көз тартар сұлулығы қала тұрғындарын ғана емес, елорда қонақтарын да таң қалдырды.

Қанат ӘБИТАЕВ, ҚАЛА ҚОНАҒЫ:

Кеше ғана Германиядан ұшып келдім Астанаға. Осы іс-шараны көруге. Қуанып жатырмын. Барлығын керем өткізіп жатыр.

Фестиваль екі күнге созылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше қонақтарды қызықты ойындар күтуде. Сонымен қатар, арнайы фотоаймақтарда келушілер сүйіктілеріне ұсыныс жасап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялай алады. Ең креативті ұсыныс үшін жеңімпазға шетелге жолдама беріледі.