Павлодарда «Ертіс Орманы» табиғи резерваты басшысының орынбасары сотталды. Сот оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын кесті. Себебі, шенеунік орманды отаушылардан 1 млн. теңге көлемінде пара алған. Ал қомақты қаражатты жеке мақсатында пайдаланыпты. Бұнымен келіспеген орынбасар сотқа аппелациялық шағым түсірген. Алайда, сот ол шағымды өзгеріссіз қалдырды. Шенді бас бостандығын шектеу жазасынан бөлек, орман шаруашылығында 2 жыл басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.