Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәжіліс депутаты Маңғыстау облысындағы айына 100 тонна ет өндіретін комбинат жұмысымен танысты

05.07.2023ж. 20:00
807
Мәжіліс депутаты Маңғыстау облысындағы  айына 100 тонна ет  өндіретін комбинат жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев Маңғыстау облысында болып, инвестициялық жобалармен танысты. Алдымен Жаңаөзен қаласындағы «Korkem Alem» ет комбинатында болды. Өндіріс орнында барлық санитарлық талаптар сақталған. Мұнда ет және ет өнімдерінің құрамына, тазалығына, жарамдылығына қатысты зерттеу-сараптама жұмысын жүргізетін, арнайы құрылғыларымен жабдықталған зертхана жұмыс істеп тұр. Комбинат жұмысы толықтай автоматтандырылған. Мұнда ай сайын 360 тонна ет, 100 тонна ет өнімі өндіріледі. Еттен жасалатын жартылай фабрикат өнімдері, деликатестер және ас үйге қажет өзге де өнімдер бар. Барлығы халал стандартына сәйкес келеді.

Самат МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Шыны керек, осындай Жаңаөзеннен мынадай кәсіп ашып,адамдарды жұмыспен қамтып осындай бір жан-жағы сай компания ашып жұмыс істеп жатқанына қуанышты болып тұрмын. Мұны өсіру, үлкейту керек деп ойлаймын. Жалпы осындай азаматтарға мемлекеттен,жергілікті әкімшіліктен үлкен қолдау көрсету керек. Аманат партиясы атынан бізден қандай көмек керек. Әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Айта кетейік, алдағы 5 жылда партия Маңғыстау облысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайын кемінде 15 инвестициялық жобаны, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері ет, сүт өндіру, сондай-ақ құс фабрикасын салу жобаларын жүзеге асыруға ықпал етпек. Жаңаөзенде 500 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы, Мұнайлы ауданында тағы осындай екі алаң салынатын болады.