Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда диплом QR-код арқылы беріле бастады

AstanaTV
05.07.2023ж. 16:50
854
Қазақстанда диплом QR-код арқылы беріле бастады

Қазақстандық колледждерде диплом QR-код арқылы беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, осы жылдан бастап техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдар бланкіде QR-кодпен беріле бастады.

QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық.

"QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі", - деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Министрлік мәліметінше, биыл 140 мыңнан астам колледж түлегі QR-коды бар дипломдар алады.