Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Дарын» жастар сыйлығы енді 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі

AstanaTV
05.07.2023ж. 23:42
1077
«Дарын» жастар сыйлығы енді 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдр мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық бағытта қызмет атқаратын және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін 35 жастан аспаған ҚР азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады, - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Айта кетейік, бұған дейін «Дарын» сыйлығы 29 жастан аспаған қазақстандықтарға тағайындалатын.

Сыйлықты әр номинация бойынша ең көп дегенде тек 2 үміткерге беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ақшалай сыйақы олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты бұрын алған азамат қайта өтініш бере алмайды.