Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысында екі бала суға кетті

AstanaTV
06.07.2023ж. 16:38
849
Павлодар облысында екі бала суға кетті

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.

– Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды, – деді департамент өкілдері.

Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.