Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елорда күні Астанада "Қазақ елі" алаңында дрон шоуы өтеді

AstanaTV
06.07.2023ж. 17:09
833
Елорда күні Астанада "Қазақ елі" алаңында дрон шоуы өтеді

Дрон шоуы мерекелік концерттен кейін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Қазақ елі" алаңында өтеді.

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын болмаған шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 6 шілде күні «Қазақ Елі» алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да өтеді.

Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.