Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Нидерландта дауыл салдарынан 400-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

AstanaTV
06.07.2023ж. 23:02
747
Нидерландта дауыл салдарынан 400-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты халықаралық Схипхол (Амстердам) әуежайында 400-ден астам рейс тоқтатылды. Автокөлік, автобус және теміржол қатынасы бұзылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерландта «Поли» дауылы күшейіп тұр. Харлеме қаласында бір адам қаза тапты: күшті желден әйел адам отырған көлікке ағаш құлаған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлерінің қызметіне қарамастан, жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Корольдіктегі бірқатар провинцияда ауа райы қаупінің ең жоғарғы «қызыл» дәрежесі енгізілді. Сәрсенбі күні нөсер араласқан желдің күші сағатына 130 шақырымға жетті. Тұрғындарға аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға және сапарларын кейінге шегере тұруға кеңес берәлді.

Қолайсыз ауа райы көлік қатынасын бұзды: көптеген автомагистральдар, әсіресе елдің солтүстігінде жабылды. Солтүстік Голландия мен Флеволанд провинцияларында жолдарға тал құлап, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Теңізде екі кеме дауылға тап болды. Олардың бірі батып кетті, экипажы құтқарылды. Схипхол әуежайында төрт жүзден астам рейс тоқтатылды, оның ішінде Парижге, Брюссельге қатынайтын рейстер бар.

«Жел мен жауынның екпіні күшті болғандықтан және көріну нашарлағандықтан, 5 шілдеде 9:00-ден 16:00-ге дейін әуе қозғалысы шектелді. Кейінгі жаңалықтарды бақылап отырыңыздар», - деп хабарлады әуежай басшылығы Twitter-де.

Автобус қозғалысында да іркіліс байқалды.