ҚР Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысы Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылу фактісін тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23-00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылды".
ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті