Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Иракта балық қырылды

AstanaTV
09.07.2023ж. 14:53
1202
Иракта балық қырылды

Иракта балық жаппай қырылып жатыр,-деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға Майсан провинциясындағы өзеннің бірінде болды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жануарлардың өліміне өзен суының таязданып, онда оттегінің азаюы себеп.

Өйткені соңғы жылдары Ирактың көп аумағында құрғақшылық жайлап, өзен-көлдер тартыла бастады. БҰҰ дерегі бойынша бұл мемлекет климаттың өзгеруінен қатты зардап шегіп отыр.

Шьяал Кабаш, балықшы:

- Көрші Иран бізге қарай су жіберуді шектеді. Түркия сондай қадамға барып, қарапайым халық жапа шегіп жатыр.

Біз үкіметтен жағдайды жан-жақты саралап, тез арада тығырықтан шығу жолын ойластыруды сұраймыз.