Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттік сайлау өтті деп танылды – Өзбекстан ОСК

AstanaTV
09.07.2023ж. 16:02
821
Президенттік сайлау өтті деп танылды – Өзбекстан ОСК

Өзбекстанда сағат 11.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауына сайлаушылардың 33%-дан астамы қатысты, соған байланысты сайлау өтті деп танылды.

Бұл туралы Ташкентте өткен брифингте Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау кодексіне сәйкес, сайлауға сайлаушылардың кемінде 33 %-ы қатысса, сайлау өтті деп есептеледі. Сайлаушылардың қатысуын анықтайтын электронды жүйенің мәліметінше, таңғы сағат 11.00-ге дейін сайлау учаскелеріне 6 463 874 сайлаушы немесе жалпы тізімнің 33,54 пайызы келген. Сайлау өтті деуге негіз бар», - деді Б.Кучкаров.