Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Cейсмикалық станциялар Алматыда жер сілкінісін тіркеді

AstanaTV
09.07.2023ж. 21:24
809
Cейсмикалық станциялар Алматыда жер сілкінісін тіркеді

9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “СОМЭ” стансалар желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның мәліметінше, жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.

Магнитудасы 4,8 баллды құрады. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым деп белгіленді. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.