Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Алдыңғы жылға қарағанда биыл той аз": той ұйымдастырушысы бұл индустрияның қазіргі ахуалын айтты

AstanaTV
09.07.2023ж. 21:56
849
"Алдыңғы жылға қарағанда биыл той аз": той ұйымдастырушысы бұл индустрияның қазіргі ахуалын айтты

Елімізді биыл той жасаушылар саны күрт азайған. Той ұйымдастырушысы оған жастардың көзқарасының өзгеруі мен карантиннен кейінгі жағдай әсер етуі мүмкін дейді. Бұл туралы "Хабар" телеарнасындағы Ainaline бағдарламасында айтылды.

Той ұйымдастырушы Айгүл Жаңабекованың айтуынша, карантин той форматының өзгеруіне, тиісінше, табысқа да әсер еткен. Бұрынғыдай емес, биыл той жасаушылар саны әдәуір төмендеген.

"Карантиннен кейін көзқарас өзгерді. Карантинге дейін біз тойларды үлкен форматта өткіздік. Карантинге дейін бір айдың ішінде ақшаны 5-7 млн теңге дейін көтеретінбіз. Одан кейін біз енде-енді көтеріліп келе жатырмыз. Былтыр да тапсырыс жақсы болған", - дейді той ұйымдастырушы Айгүл Жаңабаева.

Той ұйымдастырушының сөзінше, былтыр (жұма, сенбі, жексенбі) күніне 7 той өткізуге атсалысқан. Алайда ол бұл сан биыл азайғанын айтты.

"Биыл кредиттің пайызы өскеніне байланысты ма, білмеймін. Мүмкін, қазір жастар білімді. Шашылып той жасағысы келмейді", - деді Айгүл Жаңабаева.

Тележүргізуші статистика бойынша биыл үйлену саны аз екенін атап өтті.