$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Еліміздің екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді

AstanaTV
10.07.2023ж. 09:44
Еліміздің екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді

Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды шеттетілген спортшылар тізіміне қосты. Бұл туралы stan.kz басылымы хабарлады.

Құраманың 1 нөмірі Саматәлі Толтаев анаболикалық стероидты қолданғаны анықталса, Серік Абзал метастеронды қолданғаны белгілі болды.

Саматәлі Толтаев 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін, Серік Абзал 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін шеттетілді.