Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

AstanaTV
10.07.2023ж. 09:20
810
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында тартысты матч өткізді.

Қазақстандық теннисші әлемнің 219-ракеткасы, америкалық Стив Джонсонмен бас жүлде үшін шеберлік байқасты.

Бірінші партияда америкалық спортшы 6:4 есебімен үстемдік көрсетсе, екіншісінде Кукушкин есе қайырды – 7:6 (9:7). Тағы бір тай-брейкте С.Джонсон жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Үш сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 21 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

АҚШ-тағы жарыстың финалына дейін жетуі арқасында Михаил Кукушкин қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 262-ден бірден 218-сатыға көтеріліп тұр.

М.Кукушкин мен Бейбіт Жұқаев осы аптада Чикаго (АҚШ) челленджер додасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ Еуропадағы жарыстарда бақ сынап жатқан қазақстандық теннисшілер де бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы өте күшті екенін айтқанын жазған болатынбыз.

Уимблдонда Александр Бублик 39 эйс жасағанымен, ширек финалға шыға алмады.

Уимблдонда Анна Данилина 1/8 финалға өтті.