$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Индустрия және туризм департаменті ескерту жасады

AstanaTV
19.10.2016ж. 20:00
2978
Индустрия және туризм департаменті ескерту жасады

Оңтүстік-Шығыс Азияға жолға шығатын қазақстандықтар метео жағдайды ескерулері шарт. Индустрия және туризм департаментінің мамандары осындай ескерту жасады. Әсіресе, Қытай провинцияларындағы отандастарымызды мейілінше абай болуға шақырады. "Оқис оқиғаларға тап болмау үшін, жергілікті биліктің берген нұсқаулықтарын қатаң сақтауға кеңес береміз", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Айта өтейік, Қытайдың Хайнань аралын "Сарика" тайфуны жайпап өтті. Салдарынан 500 мыңдай адам эвакуацияланып, 250 әуе тасымалы кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, аралға кемелер де қатынауын тоқтатты. Мұндағы желдің жылдамдығы сағатына 162 шақырымға дейін жетіп отыр. Зілзала қуаттылығы жағынан соңғы 10 жыл ішінде болған ең мықтысы. Билік "қызыл деңгейлі" төтенше жағдайды жариялады. Синоптиктер тағы бір жойқын тайфунның жақындап жатқанын ескертеді. Болжамдарынша, ертең "Гуандун" провинциясын биіктігі 12 шақырымға жететін «Хайма» толқыны басуы мүмкін.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА