Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Білім беру орындарына хиджап және қысқа балақты шалбар киіп баруға болмайды - ҚР Білім және ғылым министрлігі

AstanaTV
19.10.2016ж. 20:00
2709
Білім беру орындарына хиджап және қысқа балақты шалбар киіп баруға болмайды - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Елдегі білім ошақтарында діни киім киюге болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі айтты. Ол үшін арнайы заңдардың барын да ескертті. Діни киім кию оқу ордаларында дінді насихаттау болып есептелетін көрінеді.

Эльмира Сұханбердиева, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі:

ҚР заңдарында келесі баптар бекітілген. Қазақстанда білім беру жүйесі зайырлы болып табылады. ҚР Білім беру туралы заңының 3 бабы. Білім беру және тәрбиелеу жұмысы дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы. Бұл мектептерде дінді тікелей және жанама түрде насихаттауға жол берілмейтінін білдіреді. 

Бүгінде мектепте 300-ге жуық бала діни киіммен оқуға барады екен. Ал Дін істері комитеті төрағасының айтуынша, балаларға діни қағидаттарды міндеттеу дұрыс емес.

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы:

Балалар - біздің болашағымыз, қандай құндылықтарды бойларына сіңірсек, еліміздің ертеңі де сондай болады. Сондықтан мектеп қабырғасында білім алған сәтте діни талаптар мен тыюлардан аулақ болуы керек. Барынша ашық-жарқын болғаны дұрыс.