Инновациялық жобалаларға биыл
бюджеттен 3 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Мұны "Нұр Отан"
партиясының республикалық қоғамдық қабылдауын өткізген Индустрия және даму
министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Бұл соммаға шамамен 40-қа жуық инновациялық жоба
қаржыландырылмақ. Әр жобаның орташа құны 400 миллионды құрайды. Бұл мемлекеттің
қайтарымсыз гранты.
Бүгін "Нұр Отан" партиясының Астанадағы филиалына
жаңа жобаларын ұсынған үш адам келді. Индустрия және даму министрі медициналық
бағыттағы ұсыныстар маңызды екенін айтып отыр. Енді жобаны министрдің жеке өзі
қарап, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік арқылы қаржыландыру жағы
шешілмек.
Жеңіс Қасымбек, ҚР
Инвестициялар және даму министрі:
Біз арқылы 2 млрд 800 млн теңге
осы бағытқа жыл сайын осындай қаржы бөлінеді. Оның ішінде көбісі инновациялық
жобалар және технология трансферті. Инновация саласы біздің мемлекетке өте маңызды сала болып табылады. Өзіңіз
білесіз, индустриализация бағдарламасы бойынша, келесі 5 жылдың ішінде
салынатын жобалардың көбісі тек қана инновациялық жағы болса, онда бюджеттен,
үкімет жағынан қаражат немесе басқа көмекті алатын болады.
Қоғамдық қабылдауға
елордалықтар ғана емес, Жамбыл мен Қостанай облыстарынан да бірегей жобалары
бар адамдар бейнебайланыс арқылы қосылды.
Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан»
партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
«Нұр Отан» партиясының бір
жетістігі деп санаймыз. Бұған жазылу өте оңай. Шалғай жатқан аудандардан,
облыс орталығынан Астанаға келу қиын. Оңай емес. Мұнда тұру керек, қаражат
керек. Біз оны қазір 21 ғасыр болғаннан
кейін, жаңа технология болғандықтан, біз оны бейне коференц-байланыс арқылы беріп отырмыз. Біздің әрбір өзіміздің
филиалдарымызда, партия филиалдарында осындай залдар бар.
Айбек ҚОСАНОВ