Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда шыны қалдықтарын өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға шикізат жеткіліксіз

AstanaTV
19.10.2016ж. 20:00
6237
Қазақстанда шыны қалдықтарын өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға шикізат жеткіліксіз

Елде қоқысты кәдеге жарату ісі алға басар емес. Шыны өңдейтін кәсіпорын шикізатқа зәру. Ал бұған дейінгі жобалардың көбі іске аспай қалды. Енді қалдықтарды жинап, өңдейтін компанияларға өтемақы төлеу механизмі енгізілмек. Алдағы уақытта қоқыстан қуат көзін алу, тіпті Астана мен Алматыда қалдықтарды басқару бағдарламасы қолға алынды. Айгүл Әдепбай қоқыстан құтылып, оны пайдаға жаратудағы проблемаларды біліп қайтты.

Бірқатар аймақтарда шыны тастайтын контейнерлер орнатылды. Бірақ халықта қоқысты бөліп тастау мәдениеті қалыптаспады. Қазір шыны өңдейтін үш бірдей кәсіпорын шикізатсыз отыр. Енді тұрмыстық қалдықтардың кейбір түрлерін жинап, өңдейтін компанияларға қаржылай қолдау жасалмақ. Энергетика министрлігіне қарасты «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» серіктестігі оператор ретінде 1 миллиардтан астам ақша бөлген. Айта кетерлігі, бұл бюджеттік қаржы емес екен.

Сергей Юрча,"Оператор" өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері" ЖШС атқарушы директоры:

Қоқыс жинау, утилдеу, өңдеу ісіне 1 млрд 250 млн теңге бөлінді. Біріншіден, қаржы жиналған, өңделген қоқыс ауқымына қарай беріледі. Екінші бағыты - сынап шамдары мен батареялар сияқты қауіпті қалдықтарға арналған контейнерлерді дайындап орнататын компанияларға бөлінеді. Тендер өткізіледі. Бұл бір реттік көмек емес. «Оператор» осы мақсатқа үнемі қаржылай қолдау көрсетіп отырады.

Астанада қоқыс жинау ісі "Астана-Тазарту" мекемесінің мойнында. 2 жыл бұрын қоқысты төртке бөліп жинауды қолға алды. Бірақ жоба содан бері іске аспай келеді. Дегенмен қоқысқа араласу оңай шаруа емес. Сондықтан тарифті көтерген дұрыс деген арманымен бөлісті Иван Лавриненко.

Иван Лавриненко, «Астана-Тазарту» ЖШС бас директоры:

Қазір тек алдын ала есептеу жүріп жатыр. Бағаны айта алмаймын. Тарифтерді бекіту жүйесі өзгерді. Қазір
есептеп жатырмыз. Біз 2011 жылыдан бері көтерген жоқпыз тарифті
.

Қуат көзін қоқыстан алу да жоспарда. Қалдықтарды кәдеге жаратуға француздар қызығып отырса керек.

Шынасыл Ерназар, Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы: 

Ұлттық экономика министрлігі үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз. Қоқыс өңдеу зауытының жобасы әзірленіп жатыр. Шартты түрде Алматы қаласы алынды. Жоба құны 7 млрд теңге. Ол қалдықтардан электр энергиясын алу технологиясы. Қаңтар айынан бастап жергілікті атқарушы органдар осы технологияны өздері қолдана алады.

Қоқыс өңдеу, жинау мәселесі Қазақстанның көптеген өңірлерінде өзекті. Шымкентте, мысалы, 25 млн теңге жұмсалған қоқыс тастауға арналған жерасты контейнерлері тиімсіз болып қалды.

Ерлан Есіркепов, Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Себептің бірі - адамдар күлдер тастап, темекі тастап өртенген кездер болды. Бүгінде басшылар шешім қабылдап, контейнерлерлді демонтаж жасап жатырмыз. ЛТД тұрмыс базасын жинап жатырмыз. Қазір 7 контейнерге орын босаттық.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Жаздан бері Елордада пластикті бөлек тастайтын мынадай 400-дей жәшік пайда болды. Күніне 1 тоннадай қалдық жиналады екен. Жыл соңына дейін 600-ден астам қоқыс алаңына осындай контейнер орнатамыз, - дейді «Астана-тазарту» мекемесінің басшысы. Енді Астанадағы жалғыз қоқыс өңдеуші зауыт пластик өңдейтін цехын іске қосады деп үміттеніп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ