Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті

AstanaTV
11.07.2023ж. 11:30
860
Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті

Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Сарайшық көшесінде, №45 ғимараттың маңында болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 10 шілдеде сағат 13:45-те шақырту түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар құлаған ағашты алып тастаған.

Аймақ полиция департаменті автобус №2 маршрут бойынша жүргенін нақтылады. Ағаш автобус тоқтаған кезде құлаған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, Оралда аптап пен қатты жел салдарынан ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.