Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

11.07.2023ж. 20:00
766
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Еліміздегі халықтың үштен бір бөлігінің, яғни 7 жарым милллион адамның банкте қарызы бар. Шамамен 1 жарым миллион азамат несиесін 3 ай кешіктіріп төлейді, тіпті банкроттық жағдайға жеткендері бар. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қолға алынып, «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруда.

Әлия АМАНТАЕВА, ЗАҢГЕР:

Ауылды жерлерде, аудандық жерлерде көп, кейбіреулер қаржы пирамидаларына немесе басқа да бір несиелерін алып, банкроттыққа үлгере алмай қалған халықтар бар. Барлығы келіп, тегін кеңестерін алып, өздерінің бір шешімдерін қабылдап жатады.

Өңір тұрғындарымен кездескен Мәжіліс төрағасы Президенттің саясаты мен «AMANAT» партиясының жобалары ауылдағы азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Облыста «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша халықтың орташа айлық табысын 1 жарым есеге, сүт өнімдерін 40, етті 63, жылыжай өнімдерін 30 пайызға ұлғайту жоспарланған.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Азаматтардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыру ол біздің Президенттің партиямыздың басты мақсаты. Әр тұрғынға балық бермей, қармақ беру. Сіздерге өз шаруаларыңызды ашып, ары қарай жүргізуге мүмкіндік беру. Біздің осы жүргізіп жатқан жобаларымыз осы Түркістан өңірінде нақты іске асып жатқанын көру үшін арнайы келдім.