Монғолияда қандастардың кіші құрылтайы өтті. Бұл жиын қазақ-моңғол дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Құрылтайдың ашылуында Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді.Келелі кездесу Ұлан-Батырдан бастау алды. Бұл ауданда 5 мыңнан астам қазақ тұрады. Қазақстандық делегация Налайх, Баян-Өлгий аудандарына да барып, сондағы қандастармен де жүздесті. Қазақстан мен Моңғолияның дипломатиялық, мәдени, саяси-әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынасын талқылады.
Абзал САПАРБЕКҰЛЫ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда шетелдегі қазақтармен рухани байланыстарымызды дамыту басты мәселе екенін ол өзінің жеке назарында болатыны атап өткен. Сондықтан бұл сапардың басты мақсаты – мынау Моңғолияда тұрып жатқан оның ішінде Баян-Өлгейдетұрып жатқан қазақ қандастарымызбен қауышу. Қандастарымызбен отырып ортадағы келелеі мәселелерді талқылау.