Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәжіліс депутаттары Атыраудағы еңбек ұжымдарымен кездесті

11.07.2023ж. 20:00
859
Мәжіліс депутаттары Атыраудағы еңбек ұжымдарымен кездесті

Атыраудан сайланған Мәжіліс депутаттары ірі мұнай-газ кәсіпорындары басшыларымен өндірісті өңірдегі бірқатар мәселелерді талқылады. Жұмысшылардың сұрауы бойынша өндірісте вахталық ауысым уақытын 14 күнге ауыстыру, бұрғыланған кен орындарын рекультвациялау, демобилизация, көкалдандыру жұмысын жеделдетіп, әлемуеттік –инфрақұрылдымдық даму бағдарламасына бөлінетін қаржыны көбейту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесіп, жеке тұрғындарды да қабылдады. Айтуларынша аймақта әлі шешілмеген мәселе көп.

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті жаңа Қазақстан құру жолындағы жоғарыда Үкіметте, Парламентте жасалып жатырған жұмыстарды баяндадық. Және аймақтардағы туындап жүрген сұрақтарды, өтініштерді қабылдадық. Республикалық дәрежеде шешілететін мәселелерді Үкіметке жіберетін боламыз.