Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Бүгін "Астана" Чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды

AstanaTV
12.07.2023ж. 14:47
771
Бүгін "Астана" Чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды

Бүгін "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды. Бірінші іріктеу кезеңі аясында елордалық команда Тбилисидің "Динамо" командасымен ойнайды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ойын "Астана Аренада" өтеді, сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы хабар таратады. Ойынға танымал түрік төрешісі Джюнейт Чакыр қазылық жасайды. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Тбилисиде өтеді. Ұтқаны екінші іріктеу кезеңінде Загребтің "Динамо" командасымен кездеседі.