$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Асайын Байханов Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
12.07.2023ж. 17:20
898
Асайын Байханов Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов. Фото: t.me/KZgovernment

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ұсталуына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОКҚ-де өткен брифингте журналистер облыс әкімінен Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікірін сұрады.

"Бұл туралы мен сіздер білетінді ғана білемін. Бағаны тергеу мен сот беруі керек. Сондықтан тергеудің аяқталуын және сот шешімін күту керек", - деді Асайын Байханов.

Байхановтың айтуынша, ол қала әкімі болып тұрған кезде Қалияқбаров тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімінің басшысы ретінде өз жұмысын адал атқарған.

"Өз басым, қала әкімі болып тұрған кезімде Қалияқбаровтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болғанын ғана айта аламын. Сол кезде жүктелген қызметті адал, жауапкершілікпен атқарды. Жалпы оған не болғанын білмеймін. Қазақта "семіздікті қой ғана көтереді" деген сөз бар. Кейде адамдар өзгереді. Менің ойымша, мемлекеттік қызмет, жалпы қай жерде де жоғары лауазым - үлкен жауапкершілік, әрқашан сынақ. Өздеріңіз білетіндей, кез келген сынақтың нәтижесі не жаза, не марапат болады", - деді облыс әкімі Байханов.