Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралдық қария «УАЗ» көлігімен көше сыпырушыны басып өлтірді

12.07.2023ж. 20:00
762
Оралдық қария «УАЗ» көлігімен көше сыпырушыны басып өлтірді

Оралда 76 жастағы қария «УАЗ» көлігімен көше сыпырушыны басып өлтірді. Ол жолын кескен басқа бір мәшинеден ығыспақ болғанда көпір үстіндегі адамды көрмей қалғанын айтып ақталып отыр. Ауыр техниканың астында қалған азамат сол жерде көз жұмды. Полиция дерегінше, марқұм қалалық коммуналдық кәсіпорында жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы оның отбасына көмек көрсететінін жеткізді. Айтуынша, 64 жастағы азамат былтыр зейнетке шығып, мекемемен еңбек келісімшартын биыл күзге дейін ұзартқан.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған азамат Жол пайдалану кәсіпорнының қызметкері екені анықталды. Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасына тиісті сараптама тағайындалады.