Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

12.07.2023ж. 20:00
733
Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Әдетті Қазақстанның солтүстігі аптап ыстықты сезе қоймайды. Бірақ соңғы кездері ауа температурасы бұл жақта да 40 градусқа жетті. Мұндайда осылай істегеннен басқа амал жоқ.

Иә, ыстықтан ығыры шыққандардың осылай істемеске амалы жоқ. Салқындап, бір серпілік алғаннан халықтың пікірін сұрауға шықтым. Айналдырған 5 минуттың ішінде үсті-басым құп-құрғақ боп кеуіп қалды. Осының өзі ауа райының қаншалықты ыстық екенін көрсетеді. Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

Күн ысып кетті, иә, қатты?
– Иә.
– Қанша градус бар деп ойлайсыз?
– 40. Елдің бәрі көлде, көлеңкеде.
– Ал, біз жұмыс істеп жүрміз десеңізші.
– Иә, ижұмыс істеп, шаршап келе жатырмыз.
Ыстықты салқын сусынмен басып жүрсіз ба?
– Иә.
Өте жеңіл киінуге тырысамыз.
– Қара киініп алыпсыз, ыстық тартпай ма?
– Ыстық тартады. Бірақ стильно киіну керек та сонда да.
Күн ыстықта сауда қызып жатыр ма? Қанша теңге квас?
– 250 теңге стаканы.
– Адам көп па күн ыстықта?
– Иә, көп келіп жатыр.
Сіз қалай күресесіз?
– Мен көбіне үйде отырамын. Бүгін ғана далаға шықтым, керек болды.
Демалуға кетіп қалу керек қой бір жаққа. Көлдің жағасында жатса.
– Күшті, иә?
– Иәә.

Дәрігерлер ыстық мезгілде созылмалы сырқаты бар тұрғындарды сақтыққа шақырады. Шұғыл болмаса, шаруаны таңғы салқынмен, не болмаса, кешкі уақытта атқаруға кеңес береді.