Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жамбылда табиғаттың тосын мінезінен 30-ға жуық жылқы арам қатты

12.07.2023ж. 20:00
1338
Жамбылда табиғаттың тосын мінезінен 30-ға жуық жылқы арам қатты

Жамбылда жайылымда жүрген жылқыға найзағай түсті. Табиғаттың тосын мінезінен 30 ға жуық жылқы арам қатты. Малынан айрылған шаруалар енді не істеррін білмей дал. Олар әкімдіктен көмек сұрайды. Себебі, өлген жылқының жартысы үйірге қосқан ауыл тұрғындарының малы көрінеді. Енді оларды елге қалай өндіріп берем, ал өзім бар мүлкімді банкке қойып несиеге алған 16 бас жылқының ақысын қалай қайтарамын деп отыр.

Нұрболат МЫРЗАҚҰЛОВ, ТЕРЕҢӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Залогқа мына фазендадағы тамды қойдым. Ауылда кішігірім там бареді соны қойып, мал алдым. Енді не қойып беремін мен білмеймін. Ертең түгел ажырап қаламын ба? Бала-шағаммен істеп отырған мына фазендамнан да айырылып қаламын ба?

Бұл жағдай шенеуніктерді де шарасыз күйге түсірді. Егер ауру тараса немесе табиғаттың тосын мінезінен төтенше жағдай жарияланса, бар шығын мемлекеттің мойнында болар еді дейді.

Әлібек ТЕРЛІКБАЕВ, Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Арнайы аудан әкімінің тапсырмасымен комиссия құрылған. Зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Нақты қорытынды шыққан кейін біз қосымша нәтижесін хабарлайтын боламыз. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.