Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәжіліс депутаттарының Пограничник ауылының даму қарқынына көңілі толмады

12.07.2023ж. 20:00
989
Мәжіліс депутаттарының Пограничник ауылының даму қарқынына көңілі толмады

Павлодар облысы Пограничник ауылында толықтай су құбыры жүргізілсе де, тұрғындар тіршілік нәрін көрші ауылдардан тасып ішуге мәжбүр. Елдімекендегі су және оған қоса жол мәселесін халық мәжіліс депутаттарына жеткізіп, көмек сұрады. Оны назарға алған мәжілісмендер фельдшерлік амбулаториялық пункт пен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының да жұмыс барысымен танысты.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің объектісіне сәйкес, жұмыс бір ай бұрын, 7 маусымда басталған. Бірақ, өздеріңіз көріп отырғандай, олар іргетасын енді ғана құйып жатыр. Сонымен қатар, мердігер компания жұмысты қосалқы мердігерге тапсырған. Құрылыс қарқыны төмен.

Фельдшерлік амбулаториялық пунктің құрылысына бюджеттен 149 миллион теңге бөлінген. Бірақ, абаттандыру жұмыстары бұған кірмейді. Төлқұжат бойынша нысан 5-қыркүйекте халық игілігіне берілуі тиіс. Әкімдік құрылыстың уақытынан ерте аяқталатынына сенімді.

Айгүл БЕКБЕРГЕНОВА, ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бір ауысымда 25 адам болады. Оның ішінде терапевт, акушер бар. Сондай-ақ қосымша жұмыс орындары техникалық қызметкерлер, вахташылар бар. Жұмысқа біз жергілікті тұрғындардан аламыз . Немесе «Дипломмен ауылға» бағдарламасын бітіргендерді.