Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Биыл Ұлытау облысындағы алғашқы құс фабрикасы жұмыс істей бастайды

12.07.2023ж. 20:00
800
Биыл Ұлытау облысындағы алғашқы құс фабрикасы жұмыс істей бастайды

Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысына ат басын тіреді. Олар Кеңгір ауылындағы құс фабрикасының құрылыс жұмысымен танысты. Кәсіпорын партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр. Зауыт 30-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 1000 тонна ет пен 25 млн жұмыртқа өндіру жоспарлануда. Мәжілісмен Ерболат Сатыбалдин негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыратын осындай кәсіпорындарды партия алдағы уақытта да қолдайтынын атап өтті.

Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір құстың балапандарын әкелу жөнінде сұрақтар бар екен. Одан кейін жалпы мамандарды оқыту жөнінде, содан кейін жеммен қамтамасыз ету. Бұл 500 тоннадан әрі қарай шағын фабрикалар қатарына жатады. Сондықтан 500 - ден әрі қарай бұл әрбір шығарылған киллограммы 50 теңгеден субсидияға қарастыруға болады облыстық бюджеттен. Қазір сол жұмыстардың жүргізілуі тікелей партияның қадағалауында.