Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Активтерді қайтару бойынша жұмыс қалай жүргізіледі?

13.07.2023ж. 20:00
546
Активтерді қайтару бойынша жұмыс қалай жүргізіледі?

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Бұл жұмыс енді Бас прокуратура ведомствосына жүктеледі. Заңсыздықты анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, күдікті тұлғаларды Реестрге енгізеді. Меншік иелері активтерді иемденудің заңдылығын растау керек. Ол үшін декларация тапсырады. Егер заңдылықты растай алмаса, активтер шығу тегі түсініксіз деп танылып, мемлекетке қайтарылады. Заңның қабылдануына атсалысқан мәжіліс депутаттары бұл қоғамдық қатынаста өте маңызды дейді.  

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстанда 162 олигарх бар. Оны Президент айтты. Ең негізгісі осы 162 адамның меншіктерінің әділетті, заңға сәйкес пайда болғанын дәлелдеуі керек. Егер олар дәлелдей алмайтын болса, онда ол меншіктің барлығы мемлекетке қайтадан қайту керек. Сонымен бірге шетелге шығып кеткен де қаржы бар. Осы шетелге шығып кеткен қаржымен де айналысу керек.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Осы заңның басты міндеті ол тек қана ақшаны қайтарып қою емес. Ол кезінде ажырап кеткен билік пен қоғамның арасын қайта жақындастыру, жалпы азаматтардың елге мемлекетке деген сенімі мен құрметін арттыру. Елдегі негативизмді азайту. Бізде өкінішке орай ең жақсы деген игі іске деген сенімсіздік бар.

Салық кодексіне де өзгерістер енгізілді. Бұл мемлекет үшін де, халық үшін де тиімді деп санайды экономистер. Жаңа норма ел қазынасын азды көпті толықтыратынын айтады.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Кәсіпкерлер үшін салынатын салықта өзгерістер бар. Бөлшек сауда салығын енгізу бойынша біраз арнайы жұмыстар жүргізіліп, кәсіпкерлер көбіне бөлшек сауда салығына өтіп, сол арқылы өзінің кәсібін жүргізуге мүмкіндіктер жасалып жатқандығы қуантады.

Мемлекет басшысы қол қойған тағы бір заңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.