Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы «Кеңес» кешенді оңалту орталығының жұмысымен танысты

13.07.2023ж. 20:00
666
Мәжіліс депутаттары Алматыдағы «Кеңес» кешенді оңалту орталығының жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы «Кеңес» кешенді оңалту орталығының жұмысымен танысты. Биыл мұнда мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту үшін елдегі алғашқы ерте араласу жобасы жүзеге асырылуда. Ол «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жол картасы аясында іске асты. Орталықта жүз елу бала кешенді түзету қызметтерін алады.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз жалпы өзіміздің осындай ерекшеліктері бар балаларға деген көзқарасымызды, дүниетанымымызды, философиямызды өзгертуге тырысуымыз керек. Бәріміз де ата-анамыз. Ешқайсымыз осыдан қашып кете алмаймыз. Бәріміздің басымызға да келуі мүмкін. Тек басымызға келген кезде ғана осыған көніп, ал қалған кезде немқұрайлы қарағанымыз - қоғам ретінде өзімізге сын болып табылады.

Ал Түркістан облысын аралап жүрген мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Қазығұрт ауданында салынып жатқан мектептердің құрылысымен танысты. Амангелді елдімекенінде орналасқан мектептің жанында қосымша 150 орындық ғимарат салынып жатыр. Бұдан бөлек асхана, шеберхана және спортзалдың құрылысы жүруде. Ал Сарапхана ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің құрылысы 2021 жылы басталғанымен біршама саябырсып қалған. Қазір мектептің сыртын қаптап, ішін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 200 орындық мектеп жоба бойынша биылғы желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.

Ерлан ӘБДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мына мектепке қарасақ та жаман емес. Крышасына дейін жабылған. Енді біз әрі қарай айтып жатырмыз ішкі мебель мәселелерін қазірден бастап ойластыру керек. Өйткені осы жылдан кешіктірмеу керек жоспар бойынша. Партия жағынан қазір толық бақылауда.