Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

26 жастағы қазақстандық ару Америкада 45 тонналық жүк көлігін жүргізген

AstanaTV
13.07.2023ж. 21:35
654
26 жастағы қазақстандық ару Америкада 45 тонналық жүк көлігін жүргізген

Қазақстандық ару Америкада 45 тоннаның жүк көлігін жүргізген. Бұл туралы ол Қазақстан арнасына берген сұхбатында айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.

45 штатта болған Сымбат Кәрімбек 26 жаста. Ол біраз уақыт ауыр жүк көлігін айдаған.

"Ең алғаш 4 жарым жыл бұрын келдім. Басында ұнаған жоқ, Қазақстанға қайтып кеттім. Сосын қайта келдім. Жүк көлігін айдап жүргеніме бір жылдан асты. Оқуға келсең басқаша шығар, өмір сүруге келсең басқаша", - деді ол.

Сымбаттың сөзінше, оның мұндай жүк көлігін жүргізетініне бәрі таңғалады.

"Бәрі "аяғың, қолың жете ме" дейді. Бойым - 1.55. Салмағым - 45 келі. ...Жүк көлігі адамды шыдамдылыққа үйретеді. ...Жүк көлігіндегі карьерам аяқталды. IT саласы бойынша оқуға түсіп жатырмын", - дейді ол.