Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілер үштігі анықталды

AstanaTV
13.07.2023ж. 19:19
1167
Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілер үштігі анықталды

App Economy Insights аналитикалық компаниясы аудитория бойынша ең танымал 20 онлайн платформаның рейтингін жаңартты. Тізімге тек әлеуметтік желілер ғана емес, видеохостинг пен мессенджерлер де кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 4pda.to сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір айлық 2,99 миллиард қолданушы көрсеткішімен Facebook әлеуметтік желісі көш бастады. Екінші орында YouTube видеохостингі (2,69 миллиард), үшінші орында WhatsApp мессенджері (2,45 миллиард).

Төртінші орынды тағы бір Meta өнім – Instagram әлеуметтік желісі (2,37 млрд) иеленді. Барлық деректер 2023 жылдың 1 тоқсанының көрсеткіші бойынша жасалған.

Көшбасшылардан үлкен айырмашылық бойынша келесі тізімде үш қызмет тұр: TikTok (1,68 миллиард), WeChat (1,67 миллиард) және Reddit (1,66 миллиард). Сегізінші орында Facebook Messenger (930 миллион адам), тоғызыншы орында Snapchat (750 миллион), Telegram мессенджері алғашқы ондықты (700 миллион) жапты.