Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтіріп кетті: күдікті бұған дейін 2 рет істі болған

14.07.2023ж. 20:00
1459
Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтіріп кетті: күдікті бұған дейін 2 рет істі болған

Түркістан облысында 5 жасар қыз көршісінің үйінен өлі күйде табылды. Сарыағаш аудандық полиция бөлімі бүлдіршіннің денесі шатырда жатқанын анықтаған. Күдікті қыз балаға ойына келгенін істеп, жеті-сегіз жерінен пышақтап, асқан жауыздықпен өлтірген. Ол бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, екі рет істі болыпты. Күдікті қамауға алынды.

Ақерке ШАЛХАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Бұл факт Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.