Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралдық полицейлер қарияны алдаған алаяқтың жолын кесті

14.07.2023ж. 20:00
1596
Оралдық полицейлер қарияны алдаған алаяқтың жолын кесті

Оралдық полицейлер аңғал қарияны алаяқтың арбауынан құтқарды. Сақшылардың айтуынша, белгісіз азамат зейнеткердің жақын туысы жол апатына түскенін телефонмен хабарлаған. Оның кінәлі екенін айтып, жазадан құтқару үшін қомақты қаржы сұрайды. Бірақ сақшылар қарияның 2 миллион 300 мың теңгесін әкетуге келген курьерді дер кезінде қолға түсіріпті. Ал олжасынан оңай айрылғысы келмеген телефон алаяғы өзінің ішкі істер министрлігінен екенін дәлелдеп әлек.

Уважаемый следственное управление! Жизнь то одна, вы задумайтесь, это у бабушки последние деньги. Уже пора остановиться. Вы задумайтесь.

Полиция дерегінше, осылай алданған 14 қария бір айдың ішінде 11 миллион теңгесінен айрылды. Бәрі де жалғызілікті жандар. Ал ақша тасушылардың көбі таксист екені анықталды. Айыбы дәлелденсе, олардың жеті жылға сотталуы мүмкін.

Нұрлан БИСЕНОВ, БҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Телеграмнан ищу работу деп таптым дейді. анда маған айтты, жаңағы бір жерге барасың, бір нәрсені аласың да, счетқа салып жібересің. Тағы да бір курьер айтады: мен «Яндекс таксиде» доставка болды дейді. мен доставка жасап тастадым. Ал ертең біз олармен жұмыстанғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін олар. Қылмыскер ретінде.

Полиция 6 оралдықтың алаяқтарға көмектескенін анықтаған. Енді олар жауапқа тартылады. Ал бұл істі ұйымдастырушылар - еліміздің басқа өңірінен немесе шетелдіктер. Қазір арнайы құрылған кибертоп оларды іздестіріп жатыр.