Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақмола облысында «Жаңа дала» дәстүрлі мамандандырылған көрмесі өтті

AstanaTV
14.07.2023ж. 20:00
595
Ақмола облысында «Жаңа дала» дәстүрлі мамандандырылған көрмесі өтті

Ақмола облысында «Жаңа дала» дәстүрлі мамандандырылған көрмесі өтті. Биыл ауқымды шараға 19 мемлекеттен 150-ге жуық аграрлық компания өкілдері қатысты. Ақмола – астықты өлке. Елімізде өсірілетін бидайдың 25 пайызы ақмолалық шаруалардың үлесінде.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,  ОБЛЫС ӘКІМІ:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн.теңге белгісінен асып түсті. Ол республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі. Осы жылғы нәтиже де жақсы болатынына сенімдімін.

Шара барысында фермерлер үшін шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ал, жергілікті атқарушы билік өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінен келген аграрлармен ынтымақтастықты одан ары арттыру жөнінде уағдаласты. Жалпы жыл санап мемлекет тарапынан шаруаларға қолдау артып келеді. Тек осы жылдың өзінде қос бағдарламаға қосымша 200 млрд.теңге қарастырылған.

РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Биыл біздің салаға бөлінген 450 млрд.теңгеге ірі несиелерді рәсімдеуге қосымша тағы 100 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржыға 65 сүт фермасы салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасына да қосымша 100 млрд.теңге бөлініп отыр.

«Дала күнінің» шаруалар үшін тиімділігі жоғары. Өйткені жан-жақтан жиылған фермерлер жаңа технологиялар мен жаңа техникаларды тамашалап қана қоймай, пікірлесіп, тәжірибе алмасады. Ал, екі күнге созылған көрмені тамашалауға 10 мыңнан астам адам жиналған.