Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары халықтан түскен ұсыныстардың орындалуын қорытындылады

14.07.2023ж. 20:00
1251
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары халықтан түскен ұсыныстардың орындалуын қорытындылады

Қостанай облысындағы сайлаушылардан түскен ұсыныстардың басым бөлігі орындалды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының мүшелері мәлімдеді. Партиялықтардың айтуынша, халықтан барлығы 1700-ден астам өтініш-ұсыныс түсіпті. Олардың 200-ден астамы облыстық мәслихат депутаттарына жолданған. Бұл мәселелер негізінен әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ медициналық қызметтің сапасына қатысты. Ал басы ауырып, балтыры сыздаған аймақтағы ағайыннан түскен барлық өтініштің 90% орындалған.

Татьяна БУЛГАЦЕВИЧ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дәрігердің қабылдауына жазыла алмағандар кезекті ұзақ күтетінін айтты. Ал кейбір науқастарды мамандар ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Біз бұл мәселелермен әлі айналысамыз. Дегенмен жұмысымыз жемісті болды деп айта аламын. Мысалы 18 арыздың 16-сы сәтімен шешілді.