Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ҚР Бас прокуратурасы Түркістан облысындағы қыз баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

AstanaTV
15.07.2023ж. 08:44
2227
ҚР Бас прокуратурасы Түркістан облысындағы қыз баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қыз баланы өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Құзырлы ведомство 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірім қыздың мәйіті табылғанын еске салады. Сол күні полиция қызметкерлерімен осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде.

"Күдікті Г-ның 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені анықталды. 2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған".

ҚР Бас прокуратурасы

Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

"Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды".

ҚР Бас прокуратурасы