Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Күн өте ыстық": елорда тұрғыны көрпе-жастық төсеп, ауладағы орындықта түнеген

AstanaTV
15.07.2023ж. 09:34
3515
"Күн өте ыстық": елорда тұрғыны көрпе-жастық төсеп, ауладағы орындықта түнеген

Аптап ыстықта ауладағы орындықты төсекке айналдырып, сыртта түнеген Астана тұрғыны көптің назарына ілікті. 

Бұл жайттың видеосы Astanovka98 Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео авторының айтуынша, сол күні аптап ыстық болған.

"Күн өте ыстық. Жатыр рахаттанып. Ой, шіркін-ай, десеңші", - дейді автор.

Видеодан көрпе-жастығын алып шыққан тұрғынның орындыққа ұйықтап жатқанын көруге болады.

"Ал сіздер ыстық ауа райымен қалай күресіп жүрсіздер?", - деп жазылған жазба астында.

Желі қолданушылары тұрғынның бұл әрекетіне түсіністік танытуға болатынын айтып, пікір қалдыруда.

"Далада ұйықтауға қорықпағанына қарағанда, ауылдан келген болар", "Дұрыс, дала өте ыстық, дем ала алмайсың", "Мұндай ыстықта ұйықтаса не болыпты, құқы бар, ыстықтасаңыздар, сіздер де сыртта ұйықтаңыздар", "Енді оған айыппұл салса, жақсы боласыңдар ма?", Заңгер ретінде айтарым, үй ауласында ұйықтаған адамға айыппұл қарастырылмаған", "Оны түсінемін, ыстықтан сыртта ұйықтауға өзім де дайын едім", "Жалаңаш емес, жамылып жатыр, ұйықтай берсін", - деп жазған пікір қалдырушылар.