$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Таза тіл» акциясын өткізді

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
3314
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Таза тіл» акциясын өткізді

Тобыл өңірінде «Таза тіл» акциясы өтті. Игі бастама «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жарнаманың қатесіз жазылуы - тіл саясатының тірегі. Партияның облыстағы өкілдері осындай ұстанымда. Бүгін олар тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлерімен бірге кезекті рейдтік шара өткізді. Тіл жанашырлары шаһар көшелерін аралап, сын көтермейтін сыртқы жарнамаларды анықтады. Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге Тіл туралы заңның талаптарын түсіндіріп, ескерту хаттамалар толтырды.

Жарасхан Наурызбаев, Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім жетекшісі:

Жарнамаларда негізінен тек ғана бір тілде жазу кездеседі, орыс тілінде ғана. Не болмаса орнын ауыстырып қойған. Тіл туралы заңның 21 бабында  нақты көрсетілген. Сол жағында жоғары жағында мемлекеттік, яғни қазақ тілінде, оң жағында, төмен жағында, орыс тілінде және бірдей қаріппен терілуі керек делінген. Кейбіреулер орыс тілінде бадырайтып жазып қояды да, ал сендерге керегі осы ма деп, қазақшасын кішкентай әріптермен жаза салады. Осындайлар жиі кездеседі.

Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы жыл басынан бері 7 рет рейдтік шара өткізген. Соның бесеуін билік партиясымен бірлесе отырып жүзеге асырыпты. Ауқымды акция барысында қаладағы 400-ге жуық сыртқы жарнамадан қателік табылып, мағынасыз аудармалар анықталған. Одан бөлек, сауатсыз жазылған көше атаулары да сап тиылмай келе жатқанын айтты.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру - «Нұр Отан» партиясының мақсаты. Сондықтан бұл мәселені партияның облыстық филилы жанынан құрылған «Мирас» қоғамдық кеңесі жіті бақылауға алған.

Олжас Дүйсеков, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі:

Көшелердің атауы да дұрыс жазылмаған. Осы рейдтің соңына қарай «Нұр Отан» партиясы атынан құзырлы органдарға арнайы хат толтырлатын болады. Осы мәселелерді шешу бойынша. Өйткені бұған дейін  бір жыл бұрын «Мирас» қоғамдық кеңесінде бұл мәселе талқыланған еді. Осы қате жазылған көшелердің  атаулары да көрсетілген болатын.