Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Скиапарелли» модулінің сигналы Марсқа қона бергенде үзіліп кетті

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
2149
«Скиапарелли» модулінің сигналы Марсқа қона бергенде үзіліп кетті

"ЭкзоМарс-2016" деп аталатын операция сәтсіз аяқталды. Ресей мен еуропалықтар бірлесіп Марс планетасына жіберген «скиапарелли» модулінің сигналы күтпеген жерден үзіліп кеткен. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, сәтсіздік Марс бетіне қона бергенде болған. Құрылғының жарылып кеткені не болмаса қызметтік ақау шыққаны әзірге белгісіз. Ғалымдар қазір оны анықтап жатыр.

«Скиапарелли» негізінен қызыл ғаламшарға қону технологиясын анықтап, ақпарттарды жерге жіберу керек болған. Ғалымдар ақпаратты 2020 жылы Марс бетімен жүре алатын құрылғыны ұшыруға пайдаланбақ болған.