Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда футбол алаңында зейнеткер әйел басқа біреудің баласын ұрып-соққан

AstanaTV
17.07.2023ж. 08:05
1048
Ақтауда футбол алаңында зейнеткер әйел басқа біреудің баласын ұрып-соққан

Ақтауда футбол алаңында әйел адам өзгенің баласына қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлер видео астына тепкен добы баласына тиген үшін өзге баланы 64 жастағы әйелдің "тәртіптегенін" жазады.

Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"15 шілдеде сағат 19:30 шамасында облыстық балалар ауруханасына зардап шеккен бала көмекке жүгінген. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, аталған факт расталды. 14 шілдеде 17 ықшам ауданда №54 үйдің жанында орналасқан футбол алаңында әйел адам басқа біреудің баласын ұрып-соққан. Осы факт бойынша 64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады".
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі