Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақмола облысындағы "АЛЖИР" музейінде лифт құлап, екі әйел ауруханаға түсті

AstanaTV
17.07.2023ж. 18:45
1053
Ақмола облысындағы "АЛЖИР" музейінде лифт құлап, екі әйел ауруханаға түсті

Ақмола облысындағы "АЛЖИР" мұражайында лифт құлап, екі адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы "АЛЖИР" музейінде лифт құлауы салдарынан мұражайға келген екі әйел зардап шекті. Олар Астанадағы ауруханаға жатқызылды.

Жарақат алғандардың бірі – 83 жастағы Астана тұрғыны, екіншісі 54 жастағы Ақмол ауылында тұрады.

"16 шілдеде Целиноград аудандық кезекші полиция бөліміне Астанадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына түрлі жарақат алған екі әйел түскенін хабарлады. 1940 жылғы елорда тұрғыны және 1969 жылы туған Ақмол тұрғыны ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Алдын ала белгілі болғандай, олар "АЛЖИР" музейін аралап жүргенде лифт құлап, екеуі де жарақат алды",- деді департамент өкілі.

Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы "АЛЖИР" мұражайында лифттің құлауы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы"Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Аталған бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 1,2 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.