$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыдағы балабақшада аула сыпырушы бүлдіршіндерге жыныстық азғындық жасады деген күдікке ілінді

18.07.2023ж. 20:00
1063
Алматыдағы балабақшада аула сыпырушы бүлдіршіндерге жыныстық азғындық жасады деген күдікке ілінді

Алматыда Бостандық ауданындағы жеке балабақшалардың бірінде ер адам балаларды азғырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы белгілі заңгер Айман Омарова әлуметтік желіде жазды. Айтуынша, балабақшада аула сыпырушы және бағбан болып жұмыс істейтін азамат бүлдіршіндерді оңаша жерге апарып, азғындық көрсеткен. Сұмдық жағдай жайлы балалардың ата-аналары біліп, дабыл қаққан. Заңгердің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда бес жасқа дейінгі алты бала бұл істің құрбан болғаны анықталды. Қалалық полиция департаменті бұған қатысты мәлімдеме жасады.

Салтанат Әзірбек, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс Бостандық аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚК-нің 124-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.